Файлдарды Карантинге және Сақтық көшірмелеуге жүктеу

Келесі екі шарттың бірі орындалса ғана, файлдарды Карантин мен Сақтық көшірмелеуден жүктеп алуға болады: құрылғының сипаттарында Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрі қосулы болса немесе қосылым шлюзі қолданылса. Әйтпесе, жүктеп алу мүмкін емес.

Файлдың көшірмесін карантиннен немесе резервтік сақтау орнынан қатты дискіге сақтау үшін:

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Карантиндегі файлдың көшірмесін сақтағыңыз келсе, басты мәзірде Операциялар ҚоймаларКарантин бөліміне өтіңіз.
    • Сақтық көшірмелеудегі файлдың көшірмесін сақтағыңыз келсе, басты мәзірде Операциялар ҚоймаларСақтық көшірмелеу бөліміне өтіңіз.
  2. Ашылған терезеде жүктегіңіз келетін файлды таңдап, Жүктеп алу түймесін басыңыз.

Жүктеу басталады. Клиент құрылғысында Карантинге салынған файл көшірмесі көрсетілген қалтаға сақталады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Карантин және сақтық көшірмелеу

Басына оралу